Жүгіру жолы
Кіру
AA+
Жүгіру жолы

Ата - аналарға арналған кеңес беру пункті ашылды! Кеңес беру пунктіне дүйсенбі - жұма апта ішінде сұрақтарыңыз қабылданады! Кеңеске тіркелу үшін байланыс телефоны: +77086566029, Курмангалиева Әсемгүл Құрманбекқызы!

Ата-аналарға

Құрметті ата-аналар!

«Күршім ауылының балалар бақшасына» қош келдіңіздер!

Біздің мектепке дейінгі мекеме 2003 жылы құрылған. 2014 жылы тамыз айында балабақша шатырына күрделі жөндеу жұмыстары, 2015 жылы жылу жүйесі ағымдық жөндеу жұмыстары, 2017 жылы балабақша ғимаратына ағымдық жөндеу жұмысы жүргізілді.

2 жастан 6 жасқа дейінгі, 6 топта тәрбиеленетін 140 бала;

- өз жұмысын жақсы көретін білікті педагогикалық команда;

Инновациялық бағдарламалар мен әдістер, оларды енгізу сіздің балаларыңыздың тиімді физикалық, интеллектуалды, әлеуметтік, моральдық және эстетикалық дамуына қол жеткізуге мүмкіндік береді;

- баланың психологиялық тұрақтылығы мен эмоционалдық дамуы;

- ата-аналардың әрқайсысына құрметпен қарау.

Біз сіздерге және балаларыңызға әрдайым қуаныштымыз!

Ізгі ниетпен: Балабақша әкімшілігі 

Төлемақы

Баланың балабақшаға күнделікті келген күніне байланысты саналады. 1 күндік төлемақы 600 тг құрайды.

Медициналық қызмет

Балабақша медико-санитарлық алғашқы көмек көрсету және дәрігерге дейін көмек көрсету лицензиясына ие (№ 14016199).

Тәжірибелі дәрігер Колдешева Майра Муслимқызының жетекшілігімен денсаулықты нығайту, түрлі сырқаттардың алдын –алу шаралары бойынша емдеу жұмыстары жүргізулуде. Олар: дем алу гимнастикасы, ауамен шынығу, ояту сәтіндегі гимнастика, денсаулық квадраттары секілді жұмыстар

Тамақтану

Төрт уақыт тамақтану мәзірі баланың жас ерекшілігін және тағам өнімдерінің маусымдылығын ескерумен дайындалады.

Баланың ағзасындағы май, көміртек, минералды заттарының қажеттілігіне сәйкес асханадағы тағамдар да алуан түрлі тәсілдермен дайындалады. Бұл баланың сау, толыққанды өсуіне кепілдік береді.

Сүттен, көкөністен, жеңіл құс етінен жасалған диеталық тағамадарға айрықша көңіл бөлінеді.

Қауіпсіздік

Білім алушылардың қауіпсіздігін қамтамассыз ету

Мектепке дейінгі білім беру ұйымындағы қауіпсіздік тұжырымдамасы балалардың өмірі мен денсаулығын қорғау, қауіпсіз жағдайларды қамтамассыз етеді. Мекеме балалардың қауіпсіздігін нормативтік құжаттар арқылы жүзеге асырады. Басшылыққа «Мектепке дейінгі ұйымдарға және сәбилер үйлеріне қойылатын санитарлық – эпидемиологиялық талаптар» санитарлық қағидаларын бекіту туралы №615 бұйрығына, ҚР Үкіметінің 03.04.2015 жылының №191 қаулысы негізінде Террористік тұрғыдан обьектілердің терроризмге қарсы қорғау жүйесі құжаттары алынады. Терроризмге қарсы, Өрт қауіпсіздігіне қарсы жоспарлар құрылды. Балалардың қауіпсіздігін қамтамассыз ету мақсатында балабақшамызда 16 аналогты бейнебақылау камералары орнатылған. 8 бейнебақылау камерасы балабақша ішіндегі 6 топта, акт залында, асханада, 1 жатын бөлмеде орнатылған. 8 бейнебақылау камерасы балабақшаның сыртында орналасқан. Балабақша осал обьектілердің қатарына жататындықтан ғимараттың бейне бақылау құралдарының, инженерлік – техникалық құралдармен және қауіпсіз жүйелерімен жарақтандырудың нормалары талапқа сай.

Ауданның ШҚО ТЖД «ӨСжАҚЖҚ» ММ Күршім ауылы №30 Өрт сөндіру бөлімімен тығыз байланыста жұмыс атқарамыз. Жыл сайын жоспарға сай өрт сөндіру бөлімшесінің қызметкерлері және балабақша қызметкерлерімен тәрбиеленушілері бірлескен оқу – жаттығу жүргізіледі. Балабақша ғимаратында өртке қарсы дабыл сигнализациясы орнатылған. Топтарда балалармен бірге әңгімелесу жүргізіледі, «Қауіпсіздік әліппесі» буклеттер жасалды. Сонымен қатар ұйымдастырылған оқу қызметтері, сюжеттік ролдік ойындар жүргізіледі