ШҚО білім басқармасы Күршім ауданы бойынша
білім бөлімінің «Күршім ауылының балабақшасы»
КМҚК-ның мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту
Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2022 жылғы 3 тамыздағы № 348 «Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың, бастауыш, негізгі орта, жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім берудің мемлекттік жалпыға міндетті стандартты бекіту туралы» бұйрығы
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 20 желтоқсандағы №557 бұйрығына 2-қосымша
Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 09.09.2022 жылғы №394бұйрығын басшылыққа алады.
ШҚО білім басқармасы Күршім ауданы бойынша білім бөлімінің «Күршім ауылының балабақшасы» КМҚК-
ның мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту жаңа бағыт
бойынша жұмыс атқаруда. Мектепке дейінгі моделі,
стандарты негізінде біріншіден оқу жоспарын құрдық,
топ тәрбиешілері жаңа тәсілмен циклограммаларды
жоспарлап жұмыс жасауда. Алдын ала педагог-
тәрбиешілерге заман талабына сай мектепке дейінгі
тәрбие мен оқыту жаңа моделі стандарты бағыты
бойынша кеңестер беріліп, семинар өткізілді.
Алдын ала педагог-тәрбиешілерге заман талабына сай
мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту жаңа моделі
стандарты бағыты бойынша кеңестер беріліп,семинар өткізілді
Қазіргі таңда бұрынғыдай 15-20 минутқа мақсат, міндет, күтілетін нәтиже қойылатын жекелеген сабақтар емес, жаңа стандарт нәтижесінде педагог-тәрбиешілер мақсатты ойындар, әр баланың жеке қабілеттерімен қажеттіліктерін ескере отырып, ойын, білім дағдыларын кіріктіру арқылы балалардың жас ерекшелігіне сай іс-әрекеттерді ұйымдастыруда. Стандарттың 11 қарапайым қағидаларын, баланың бойында тиісті 9 қасиет қалыптастыруда.
Атап айтсақ біріншіден ата-аналарды балабақша
жұмысына кіріктіру, тығыз байланыс орнату,және
жергілікті компонентті қолдана отырып өз жерінің
байлығын қорғау, қадірлеу мақсатында
«Емдік, дәрілік шөптер» атты ата-аналармен біріккен
жобалық іс-әрекеті өткізілді.
Ересек топ тәрбиешілері Рустемова Ш.Т және Калигожина А.Б жоба барысында «Жасыл емдік әлеміне» саяхат ұйымдастырды, тәрбиеші Шаймұратова Ж.Б ата-аналарға кеңес ретінде «Білгеніңіз жөн» атты жадынама ойластырып таратты.
«Жасыл планета» атты экологиялық акция ұйымдастырылды.
Тәрбиешілер балалармен адамдардың жүрегіне жету үшін үш қадам жасауды шешті, олар:
1- ші қадам: экологиялық плакаттарды б/бақша қабырғасына ілу.
2-ші қадам: ауыл тұрғындарына , ата-аналарымызға ауыл тазалығына, табиғатына ұқыпты қарауға шақыратын сурет-парақшаларды тарату.
Ұлттық құндылықтарды насихаттау, салт-дәстүрімізді дәріптеу, ұлттық ойындарын ойнату бойынша Сарыөлең ауылының дүбірлі тойында өткен Бәйге жарысы, құрылған киіз үйлерін слайд арқылы «Айгөлек» тобының тәрбиешісі Мұратова Қырмызы Бақытқызы ұйымдастырылған іс-әрекетімен байланыстырып таныстырды
Экологиялық акцияға қатысу балаларға алғашқы нәтиженің тірі әсерлерді, табиғат туралы түсініктерді жинақтауға және табиғатты қорғау қызметі туралы алғашқы дағдыларды алуға көмектесті.
«Балдырған» тобының тәрбиешілері Тукушова Л.К мен Заданова И.М табиғатта өзін ұстау ережелерімен балаларды таныстырды.
Балалардың денсаулығын нығайту, салауатты өмір салтына баулу, эмоцианалдық көңіл-күй орнату, дербестікке, командамен жұмыс істей білуге тәрбиелеу мақсатымен таза ауада «Денсаулық күні» КВЕСТ тапсырмалары арқылы, ойын түрінде ұйымдастырылып өткізілді
«25 Қазан –Республика күні» қарсанына орай балабақшамызда бүлдіршіндерімізбен бірге флешмоб ұйымдастырылып.Республика күні аталып ұйымдастырылып өтті.
Информация об учебных программах
|
Наименование программы обучения(на каз. языке) |
Описание программы обучения(на каз. языке) |
|
Мектепке дейінгі ұйымдарда Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты талаптарын сақтау бойынша әдістемелік ұсынымдар
|
Мектеп жасына дейінгі балаларда физикалық, рухани-адамгершілік, әлеуметтік-мәдени құндылықтарды қалыптастыру мен дамытуға, мектепке дейінгі және бастауыш білім берудің сабақтастығы мен үздіксіздік педагогикалық қағидаттырын іске асыруға жағдай жасау
|
|
|
|
|
Наименование программы обучения(на русс. языке) |
Описание программы обучения(на русс. языке) |
|
Методические рекомендации по соблюдению требований Государственного общеобразовательного стандарта дошкольного воспитания и обучения в дошкольных организациях
|
Создание условий для формирования и развития у детей дошкольного возраста физических, духовно-нравственных, социально-культурных ценностей и реализации педагогических приципов преемственности и непрерывности дошкольного и начального образования
|
