Білім алушылардың қауіпсіздігін қамтамассыз ету
Мектепке дейінгі білім беру ұйымындағы қауіпсіздік тұжырымдамасы балалардың өмірі мен денсаулығын қорғау, қауіпсіз жағдайларды қамтамассыз етеді. Мекеме балалардың қауіпсіздігін нормативтік құжаттар арқылы жүзеге асырады. Басшылыққа «Мектепке дейінгі ұйымдарға және сәбилер үйлеріне қойылатын санитарлық – эпидемиологиялық талаптар» санитарлық қағидаларын бекіту туралы №615 бұйрығына, ҚР Үкіметінің 03.04.2015 жылының №191 қаулысы негізінде Террористік тұрғыдан обьектілердің терроризмге қарсы қорғау жүйесі құжаттары алынады. Терроризмге қарсы, Өрт қауіпсіздігіне қарсы жоспарлар құрылды. Балалардың қауіпсіздігін қамтамассыз ету мақсатында балабақшамызда 16 аналогты бейнебақылау камералары орнатылған. 8 бейнебақылау камерасы балабақша ішіндегі 6 топта, акт залында, асханада, 1 жатын бөлмеде орнатылған. 8 бейнебақылау камерасы балабақшаның сыртында орналасқан. Балабақша осал обьектілердің қатарына жататындықтан ғимараттың бейне бақылау құралдарының, инженерлік – техникалық құралдармен және қауіпсіз жүйелерімен жарақтандырудың нормалары талапқа сай.
Ауданның ШҚО ТЖД «ӨСжАҚЖҚ» ММ Күршім ауылы №30 Өрт сөндіру бөлімімен тығыз байланыста жұмыс атқарамыз. Жыл сайын жоспарға сай өрт сөндіру бөлімшесінің қызметкерлері және балабақша қызметкерлерімен тәрбиеленушілері бірлескен оқу – жаттығу жүргізіледі. Балабақша ғимаратында өртке қарсы дабыл сигнализациясы орнатылған. Топтарда балалармен бірге әңгімелесу жүргізіледі, «Қауіпсіздік әліппесі» буклеттер жасалды. Сонымен қатар ұйымдастырылған оқу қызметтері, сюжеттік ролдік ойындар жүргізіледі