Жүгіру жолы
Кіру
AA+
Жүгіру жолы

11.10.2019 жылы Балабақша қызметкерлерімен тәрбиеленушілеріне №30 Өрт сөндіру бөлімінің мамандарымен "Өрт тактикалық сабағы" жоспар бойынша өткізілді.

Қауіпсіздік ережелерін сақтау, қысылтаяң шақта қалай әрекет жасау бойынша №30 Өрт сөндіру бөлімінің басшысы Дәурен Талғатұлы түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, орынбасары Жақсыбайұлы Медет өрт сөндіру бөлімінің 15  маманымен практикалық сабақтарын өткізді. "Сақтықта қорлық жоқ" дегендей алдын ала шаралар ұйымдастыра отырып, барлық жағдайға дайын болу міндетіміз. Әрине кішкентай бүлдіршіндеріміз әрқашан аман болсын. Осы орайда балабақша талаптарын орындап, тәрбиешілермен тығыз байланыс жасап отырған ата аналарымызға, Ауданымыздағы №30Өрт сөндіру бөлімінің барлық қызметкерлеріне алғыс айтамыз. Еңбектеріңіздің жемісін көріңіздер

 

 @ochspchkurchum